12.08.2014
«Атап айтарлық жәйт, «Заң кабинеті» жобасын жүзеге асыруда бюджеттік қаражаттан шығын шықпайды. Өйткені, заңдық кеңестер тегін көрсетіледі, ал кеңес берушілер заң компаниясының қызметкерлері болып табылады. ХҚКО азаматтардың құқықтық кеңестер алуына жағдай жасау үшін заңгерлерге операциялық зал ішінде бір орын немесе жеке бөлме бөліп береді», - деді ол.
Қазір жобаның пилоттық түрі Қазақстан Республикасының бірқатар облыс орталықтарында іске қосылды: Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларында бар. Бұдан әрі «Заң кабинеті» ары қарай дамып, еліміздегі барлық аймақтарды қамтып, аудандық бөлімшелерде де ашылмақ.