12.08.2014
Әлеуметтік жұмыс орнына 11 мүгедек орналастырылса, 15 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.
Әкімдіктен хабарлағандай, аудан бойынша 124 мүгдек-бала тіркелген. Оларға үйге келіп 12 әлеуметтік қызметкер көмек көрсетеді.
2013 жылдан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған оңалту бөлмесі жұмыс істейді. Кестеге сай мұндай балалармен аптасына екі рет 6 әлеуметтік мұғалім сабақ өткізеді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсету мақстанда «Жан жылуы» акциясы өткізіледі. Аталмыш игі шара аясында 63 қарт пен кембағал жандар 62 мекеменің артынан тіркелді, енді олар жыл бойы аталмыш жандарға қамқорлық және көмек көрсететін болады.