12.08.2014
Атырау қаласындағы тұрғын үйлерден жаңа қонысқа ие болғандарға облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өз қолымен пәтер кілттерін тапсырды.
«Президентіміз Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау үшін биылғы жартыжылдықта облыс көлемінде 318 пәтерлік бес үй тапсырылды, - деді облыс басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Пәтер бөлмелері кең, жарық әрі ыңғайлы. Барлық инфрақұрылымдық жүйелер жүргізілген. Иелеріне есігін айқара ашқан 108 пәтердің 18-і – бір бөлмелі, 18-і – үш бөлмелі болса, қалғаны – екі бөлмелі баспаналар.