• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қытайдан келген әртістер Өскемен тұрғындарына қазақ тілінде ән шырқады (ФОТО) 11.08.2014

Концертте Чугучак пен ҚХР өзгеде орталық қалаларынан келген 40 өнер ұжымдары өнер көрсетті.

Көрермендер Қытайдағы танымал әншілердің әндерін естіп, гаоху, пипа, гучжэн сынды этникалық аспаптардың үнімен құлақтарының құрышын қандырды. Сонымен қатар, би ансамбльдерінің өнерлері халықтың ерекше ықыласына ие болды. Ал, қазақ тілінде халық әнін шырқаған орындаушыны көрермен  ықыласпен тыңдады.

Мерейлі концерт алдында, тұрғындар үшін Чугучактан келген шеберлердің қолынан шыққан өнер туындыларының көрмесі өтті. Онда түрлі мүсіндер, ыдыс аяқтар мен құмыралар қойылды. Көрме қонақтарына ұнаған затты сатып алуына бар жағдай жасалды.


Back to the list