10.08.2014
Тренингтің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жастардың адвокаттық әлеуетін дамыту және көшбасшылық қасиетті қалыптастыру.
Тренингте мүмкіндігі шектеулі жандарға құқықтық тұрғыдан қайырымдылық, медициналық және әлеуметтік түсініктерді қалыптастыру қарастырылды.
Сондай-ақ, тренингтің тағы бір міндеті жастарға өз қажеттіліктері мен проблемаларын ашық айтуға бейімдеу болып табылады.
Тренингке қатысушылардың пікірінше, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамның ажырамас бөлігі болуына қоғамдағы адамдардың өздері ерекше әсер етеді.