09.08.2014
Байланыс орталығы сот ісін жүргізу мәселелері бойынша тұрғындарды жедел ақпараттандыру мақсатында құрылды. Кез келген азамат 1401 республика бойынша бірыңғай телефон нөміріне хабарласып, өз сұрағын қоя алады. Орталық жұмыс уақытында қолжетімді болып табылады.
Байланыс орталығының арқасында азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері соттардың жұмысы бойынша анықтамалық және сот актілеріне шағымдану тәртібі, істі қарау нәтижесі, істі және сот тыңдауының қайта қарауға өтініш түсірілген күн туралы мәліметтерді біле алады.
Бұған қоса, байланыс орталығының қызметкерлері сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдамалық жүйесінің жұмыс әдісін, сондай-ақ Жоғарғы Сот басшылығының жеке қабылдауына жазылу тәртібін түсіндіреді.