08.08.2014
Ведомствода хабарлағандай, арыз берушілердің өтініштері қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы уәкілетті органдардың шешімдерінің заңдылығына, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қамтамасыз етуге қатысты болды.
А.Дауылбаев Бас прокуратураның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына өтініш берушілердің айғақтарын істерді алдыра отырып және арызданушылардың қатысуымен толық және жан-жақты тексеруді қамтамасыз етуді, заң бұзушылық анықталған жағдайда прокурорлық қадағалау актісін енгізуді және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.