• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жыл басынан бері Қазақстан құрамасы түрлі санаттағы 366 медальді жеңіп алды  -  Есентаев 05.08.2014

«Есепті кезең ішінде олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша  264 жаттықтыру жиындары өтті. Қазақстандық құрама 271 халықаралық жарысқа және 232 республикалық додада бақ сынады. Олардың нәтижесі бойынша түрлі санаттағы 366 медальдарды жеңіп алды», - деп ол мәлімдеді.

Сонымен қатар, ведомство басшысы атап өткендей, Қазақстан қатысушы 30 мемлекет ішінен велоспорттан  Азия чемпионатында командалық есеп бойынша бірінші орынға табан тіреді.

«21 мамыр мен 1 маусым аралығында Астана мен Қарағанды қалаларында өткен велоспорт бойынша Азия чемпионатында қазақстандықтар 22 медальді қанжығасына байлап, командалық есепте бірінші орынды иеленді», - деп ол атап өтті.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда алғаш рет 16 - 25 мамыр аралығында стендтік ату бойынша Әлем кубогы өткізілді, оған 46 елден келген спортшылар қатысты.

Индира Кауметова


Back to the list