04.08.2014
«Нұр Отанда» хабарлағандай, партия филиалының мүшелері Кәсіпкерлер палатасы арқылы бизнестің дамуына керекті қаражат алды.
Кәсіпкерлердің бірі Дәркей Мұхаметхан 3 топ мүгедегі, 3 баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана ұлттық стильдегі өзінің тігін шеберханасын ашты.
«Ол 574 мың теңгенің грантына ие болды. Қазіргі таңда кәсіпкер қажетті қондырғылар мен техниканы алуда», - делінген хабарламада.
Алтынсарин ауданында мүгедектігі бар 426 адам өмір сүруде. 18 адам «Кедергісіз келешек» жобасы арқылы жұмысқа орналасты.
Аудандық филиал кәсіпкерлер мен мүгедектердің қатысуымен 3 жұмыс орын жәрмеңкесін өткізді, ол арқылы 14 адам жұмыспен қамтылды.