02.08.2014
«Жатахана «Студенттік баспана» бағдарламасы аясында салынатын болады. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 2,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Жалпы мұнда екі және үш бөлмелі секциялар қарастырылған. Оның қасында 700 орынға есептелген, конференция залы, кітапханасы мен оқырман бөлмесі, жаттығатын орны мен асханасы бар әкімшілік корпусы бой көтереді», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда университетте 4 мың студент білім алуда, олардың үштен бір бөлігі сырттан келгендер. Айта кетерлік жайт, оқу орнының 3 студенттік жатаханасы бар, алайда ол студенттерді жатаханамен толығымен қамтамасыз етуге жеткіліксіз.