01.08.2014
«Мемлекеттік органдарға келіп түсетін өтініштердің азаюы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №89 Қазақстан Республикасының Заңын қабылдағаннан бастап, №1-ОЛ нысанды есепте мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша келіп түскен өтініштер есепке алынбайтындығына байланысты болып отыр», - делінген хабарламада. .
Айта кетерлік жайт, өтініштердің көбі жер және жерді пайдалану (203 520 немесе келіп түсетін өтініштердің жалпы санының 11%); еңбек және халықтың жұмыспен, әлеуметтік және зейнетақымен қамтылуы (185 052 (10 %); тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету (133 234 (7 %); салық қатынастары (109 487 (6 % ); жылжымайтын мүлік (79 108 (4,2 %); жер ресурстары (72 825 (4 % ); құрылыс (49 090 (2,6 % ) мәселелері бойынша келіп түседі.
Мемлекеттік органдар саласында өтініштердің негізгі бөлігі әкімдіктерге - 916 568, әділет департаментіне - 193 785, салық органдарына - 119 496, ішкі істер органдарына - 120 502 келіп түседі.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін қараудағы мемлекеттік органдардың жұмысының ашықтығын және оларға деген жұртшылықтың сенімін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында Бас прокуратура «Айқын» жүйесін кезең-кезеңімен енгізіп келеді, ол жеке және заңды тұлғаларға нақты уақыт тәртібінде өзінің өтінішінің қаралуын бақылап отыруға мүмкіндік береді.