• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда шілде айындағы  күнкөрістің ең төменгі деңгейі 19 584 теңгені құрады 01.08.2014

Бұл көрсеткіш 2014 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда 2,9%-ға төмендеді, 2013 жылғы шілдемен – 7,2%-ға өсті.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 15,4%, жемістер мен көкөністерді – 14,2%, нан және жарма өнімдерін – 7,3%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,1%-ды құрады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады


Back to the list