31.07.2014
Конкурсқа қатысуға 921 жас өтініш білдіріпті. «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша құжат қабылдауда биылғы басты ерекшелік, толық және толық емес отбасылардың құқықтарының бірдей болуы.
Қазір ең жоғары балл жинаған 216 үміткердің құжаты төлем қабілеттілігін растау үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының облыстық филиалына кезек-кезекпен жіберіліп жатыр.
Төлем қабілеттілігі расталмаған жағдайда төлем қабілеттілігін бағалауға банкке жолдама тізім бойынша келесі өтініш иесіне беріледі.