24.07.2014
Отандастарды қорғауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама ҚР Президентінің Жарлығымен 1996 жылы және 2005 жылы қабылданды. Кейіннен 2009-2011 жылдары «Нұрлы көш» бағдарламасы қабылданып, этникалық иммигранттардың тұрмысымен орналасуын қамтамасыз етті. Қазіргі таңда елде халықты репатриациялайтын бірде-бір бағдарлама жұмыс істемейді. Сондықтан да оралмандар үшін басты мәселе баспана, орналасу, азаматтық алу, жұмысқа орналасу, тілдік кедергі болып табылады.
Алайда, Үкімет көші-қон саясатын жетілдіру бойынша істер атқарады. Оның ішіне отандастардың қызығушылығы мен оларды әлеуметтік қорғау енеді.
2014 жылдың 8 шілдесінде шыққан Қазақстан Үкіметінің жаңа Қаулысы бойынша орналастыруға Қазақстанның барлық 14 аймағы кірді. Осыған дейін олар тек 7 облысқа орналастырылған.
Енді жаңа Қаулыға сәйкес, елдің әр аймағына бара алады.