18.07.2014
Еліміздің тау-кен металлургия саласының үздік мамандары «Кенші даңқы» мен «Еңбек даңқы» төс белгілерімен марапатталды. «Құрметті металлург» төс белгісімен метталлургия саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар және бұған дейін «Еңбек даңқы» төс белгісі берілген мамандар марапатталды, деп palata.kz порталы хабарлады.
Сала мамандарын кәсіби мерекесімен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице минстрі Альберт Рау құттықтап, олардың отандық тау-кен металлургия кешенінің негізін қалауда ерең еңбегін атап өтті.