16.07.2014
«РФ-дағы ҚР Елшілігінің Консулдық бөлімі «Славянский бульвар» мен Арбат-Покровский «Парк Побды» бекеттері арасындағы перонда вагондардың түсіп кетуі туралы алғашқы хабарлама шыққаннан бері зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап, оқиғаны назарларында ұстап отыр», - делінген хабарламада.
Елшілік қызметкерлері күні бойы ТЖ-дан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын сұрап Консулдыққа келген азаматтардың сауалдарына жауап беруде.
«Апатты жағдайдан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың жоқтығын білген барлық азаматтар қайғылы оқиғадан зардап шеккендерді жақындарына көңіл айтуда», - дейді РФ-дағы ҚР консулы Ерік Сүгірбеков.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Нұрсұқлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путинге Мәскеу мтрополитеніндегі поездын апатына байланысты көңіл айту телеграммасын жіберді.
«Барша Қазақстан халқының атынан және өзімнің атымнан зардап шеккендердің туыстары мн жақындарына шын жүректен көңіл айтамын», - делінген телеграммада.