• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Еңбек төлемінің жаңа моделінде өтемдік және ынталандыру үстемесі қарастырылған – ЕХӘҚМ 15.07.2014

«Саланың мамандануын қарастырмайтын біріңғай коэффиценттер себетіне байланысты әрбір сала өзінің қосымша төлем мен өтемдік жүйесін қарастыра бастады. Бүгінгі таңда оларды сомалық көрсеткіші 70 пайызға жетіп отыр. Қосымша төлем мен үстеме ақының (зияндық деңгейі мен қосымша жүкке байланысты және ынталандыруына қарай) жаңа моделінде біз аталмыш төлемдерді бөліп қарастырдық», - дейді.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, жаңа модель әрбір сала бойынша жеке-жеке есептейтін жаңа коэффицент себетін қарастырады.

«Міндетті айлық төлем үшін есептелетін коэффиценттер себеті барлық сала үшін біріңғай болып табылады. Она әрбір саланың ерекшеліктері жеке-жеке қарастырылмайды. Осы орайда биыл білім беру саласына бөлек, денсаулық сақтау саласына бөлек және өзге де салаларға бөлек коэффиценттер себетін дайындадық», - дейді министр.

Сонымен қатар жаңа модельді енгізу үшін республикалық бюджеттен шамамен 300 млрд теңге қарастырылған.

«2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа модельді енгізуге республикалық бюджеттен 139 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылады», - дейді министр.

Индира Қауметова


Back to the list