• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның үш аймағында шартты әлеуметтік көмек жобасы пилоттық режімде енгізілді 15.07.2014

«Биылғы жылдың басынан пилоттық режимде еліміздің үш өңірінде шартты әлеуметтік көмекті енгізіп жатырмыз. Оның атаулы әлеуметтік көмектен ерекшелігі бар. Шүбәсіз әлеуметтік көмек өздерін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға көрсетіледі. Ал шартты әлеуметтік көмек еңбекке жарамды мүшелері бар әлжуаз отбасыларға көрсетіледі», - дейді Т.Дүйсенова.

«Шартты әлеуметтік көмек атаулы көмектен жоғары, яғни әрбір отбасы мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы төленеді. Бүгінде жоба Ақмола, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылып келеді, оған 7,5 мың адам қатысады. Келесі жылы аталған жоба Астана, Алматы қалаларында іске асырыла бастайды», - деп министр өз ойын толықтырды.

Ал, 2016 жылдан бастап бұл жүйе еліміздің барлық аймақтарында енгізілетін болады. 


Back to the list