• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2017 жылы зейнетақы тағайындаудың жаңа тәртiбіне көшу көзделуде 15.07.2014

«2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақыны есептеудiң жаңа әдiстемесiне көшемiз. 2018 жылдың 1 қаңтарынан барлық қызметкерлерге жұмыс берушi тарапынан 5%-дық мiндеттi зейнетақы жарнасы төлене бастайды. Ал, еңбек өтiлi немесе зейнетақы жүйесiне қатысу уақыты 10 жылға дейiнгi азаматтарға ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 50%-ы көлемiнде зейнетақы тағайындалатын болады. 20 жылдан астам өтiлi бар азамат 70%, ал 35 және одан артық уақыт еңбек өтiлi немесе зейнетақы жинақтау жүйесiне қатысып отырған азаматқа ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 100% көлемiнде зейнетақы тағайындалады», - деп  министрі ағынан жарылды.  

Сонымен қатар, ведомство басшысы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгi күнкөрiс деңгейiн есептеу әдiстемесiнің өзгеретінін және осы мақсатта 300 млрд. теңге бөлінгенін ашық айтты.

«Жаңа ең төменгі күн көріс әдістемесі 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Кімде-кімнің еңбек өтілімі 35 жылдан асса, онда оған жаңа ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 100% көлемiнде зейнетақы тағайындалады», - деп Т. Дүйсенова түйіндеді.

Индира Кауметова


Back to the list