13.07.2014
Ақжайық ауданында тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы өкілдері Чапаево мен Тайлақ ауылдарының сауда орындарында тұтынушыларға қауіпсіз тауар таңдау қағидалары туралы айтып, тұтынушылар құқығының бұзылған жағдайында облыс әкімдігіне шағымдану керектігі туралы түсіндірді.
«Бүгін ауданның сауда орындарында азық-түлік, көкеніс өнімдеріне тегін зертханалық сараптама жұмыстары жүргізілді. нәтижесінде ешқандай да норманы бұзушылық жағдайы тіркелмеді", - делінген облыс әкімдігі хабарламасында.