13.07.2014
"Кәсіпкерліктің заңгерлік аспектілері" семинарында ХҚКО кеңесшілері жеке кәсіпкерлік субъектілерін ұйымдастыру-құқықтық формасы, ЖК пен ЖШС арасындағы айырмашылық, әріптеспен жұмыс істеу әдістері, жалдамалы жұмысшымен қалайша жұмыс істеу керектігі туралы мәліметтер айтты, деп хабарлайды "Даму" қоры.
«Айта кету керек, Астана қалалық ХҚКО кеңесшілері кәсіпкерлерге арналған түрлі тақырыптардағы семинарларды тұрақты өткізіп отырады. олардың арасында ЖШС арналған салық мәселесі туралы және салық жүйесінің қарапайым жолы жайлы семинарлар бар", - делінген хабарламада.