12.07.2014
Ереже құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын азаматтарды (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетін), сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерін аттестаттау кезінде және қажет болған жағдайда қызметтік тексеру жүргізу кезінде полиграфологиялық зерттеуден өткізудің тәртібін белгілейді, деп ҚР Бас прокуратурасынан хабарлады.
Сонымен қатар, Ережеде полиграфологиялық зерттеудің басты мақсаттары мен міндеттері, оны жүргізудің тәртібі мен шарттары белгіленген. Сонымен бірге зерттеудің нәтижесі бойынша полиграфологтың тиісті қорытынды шығару тәртібі, ол қорытындының сипаты және пайдалану тәртібі, зерттеудің материалдарын сақтау мерзімдері регламенттеледі.
«Ереже алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі», - деп хабарламада атап өтіңлген.