11.07.2014
Енді анықтамада кісіні қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босататын айыпталушы есебінде тарту туралы ақпаратты қоса отырып сотталуды жабу мен алып тастаудан тәуелсіз түрде тұлғаның қылмыс жасауы туралы мәлімет пен қайта қалпына келтірілмейтін негіз бойынша қылмыстық іс қозғаудағы бас тарту туралы шешім қабылдау жөніндегі мәлімет көрсетілетін болады. Басқаша айтсақ, кісіге оның жасаған қылмысы туралы ақпаратты қамтитын анықтама берілетін болады, деп хабарлайды БП Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің баспасөз қызметі.
«Аталмыш қызмет бұрынғыдай 10 минут ішінде тұрғылықты жер бойынша ХҚКО-на барып электронды сандық қолды пайдалану арқылы электронды үкімет порталы арқылы автоматты тәртіппен берілетін болады. Өзге адамдардың анкеталық мәліметтерімен толықтай сәйкес келген жағдайда түсініспестіктің алдын алу мен дұрыс мәлімет бару үшін үш жұмыс күні ішіндегі тексерістен өткеннен кейін берілетін болады», - делінген хабарламада.