• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Паралимпиадалық  Азия  ойындарына Қазақстан 65 жолдама  ұтып алуды жоспарлауда 01.07.2014

«Паралипиадалық Азия ойындары туралы айтар болсақ, 2014 жылы біз 60-65 жолдама  алмақшымыз. Бүгінге дейін біз соның 51-іне қол жеткіздік. Алда тағы үш ай бар. Біз тағы да кемінде 10-15 лицензия алуымыз керек. Негізгі спорт түрлеріміз – жеңіл атлетика мен жүзу. Біз бұл спорт түрлерінің  жолдамасын алып қойдық, аталмыш спорт түрлерінен жүлде алуға үміттіміз», - дейді Д.Қалетаев.

Оның айтуынша, Азия ойындарына қатысу мен қазіргі процесті 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы паралимпиада  жолдамасын  ұтып алу процесі ретінде бағалай аламыз.

«Биыл біз алғаш рет Сочидағы қысқы олимпиада ойындарына қатыстық. Біз бес жолдама  ұтып алып, паралимпиадашыларымыз мақтаулы деңгейде ел намысын қорғады. Бұл біздің үлкен жарыстарға қатысу жолында тәжірибе жинақтауымыз іспетті», - дейді комитет президенті.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың күзінде Инчхон қаласында Азия  ойындары өтеді. Инчходағы Азия ойындарының ұйымдастыру комитеті тарапынан жарысқа енген спорт түрлерінің бейресми жарнама плакаттары жариялана бастады. 

Камила Амирова


Back to the list