• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның паралимпиадашылар құрамасы  Польшада жүзуден жақсы көрсеткішке ие болды – Д. Қалетаев 01.07.2014

«Үш күн ішінде, яғни 27-нен 29 маусым аралығында Щецин қаласында спортшылар арасында жүзуден халықаралық турнир өтті, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 22 команда, 170 спортшы қатысты. Біз бүгінде керемет көрсеткішке ие болып отырмыз. Біздің спортшылар 9 алтын алқа, 11 күміс, 10 қола медальға ие болды», - деді Д. Қалетаев.

Айта кетерлігі, сайысқа сегіз елдің спортшылары қатысты: Қазақстан, Израиль, Германия, Эстония, Латвия, Мексика, Өзбекстан, Польша.

Д. Қалетаевтың пікірінше, сайыс жоғары дәрежеде өтті, уақытты есептейтін жаңа қондырғы жұмысын тамаша атқарған.

«Бұл біздің паралаимпиадашылар құрамасы үшін үлкен жетістік. Мемлекеттің де аталмыш спорт түріне қосып жатқан үлесі ерен», - деді ол.

Ол сонымен қатар қазақстандықтар Инчхонда өтетін Азия ойындарына қатысатынын атап өтті.

Мадина Нұрбекова


Back to the list