01.07.2014
Өңірлік даму министрлігі басшысының мәліметі бойынша, республикамыздағы 55 мың әлеуметтік инфрақұрылымның 17 мыңдайы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімделмеген.
Осыған орай министр, ғимарат пен құрылыстарға жөндеу жүргізіліп жатқан «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» шеңберінің аясында, оларды мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайлап бейімдеуді ұсынды.
«Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бойынша, ғимараттар мен құрылыстарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Егер де осы жұмыстардың барлығын да тұрғындардың кішігірім ұйымшыл тобының барлық талабын ескере отырып жүргізсе, яғни, осы шарттардың барлығын қайта құру жобасына міндетті түрде енгізсе, ғимаратар мен құрылыстарды мүгедек адамдар үшін барынша бейімдеген болар едік», -деп түсіндірді Болат Жәмішев.