27.06.2014
«Бүгінгі шараның журналистер күніне орайластырып отырғаны көңілге қуаныш ұялатады. Қазақстан халқы Ассамблеясының сараптамалық тобы, журналистер алаңы өз деңгейінде жұмыс істеп жатыр. Осы орайда Ассамблеямыздың дамуына өзіндік үлес қосып жүрген журналистерге бейбітшілік пен келісім үшін еткен қызметтері үшін алғыс білдіреміз», - дейді ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев.
Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі Тәуелсіздікті, ұлттық бірлікті нығайтуға, ұлтаралық диалогты, қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан үлесі үшін марапаттауды ойлады: «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Александр Тараков «Бірлік» қоғамдық медалімен марапатталды.
ҚХА құрмет грамотасымен «Қазақстан» ТРК «Менің Қазақстаным» бағдарламасының шеф-редакторы Гүлмира Жандыбаева; ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі Ақпарат комитетінің төрағасы Болат Кальянбеков; «Егемен Қазақстан» АҚ бас редакторының орынбасары Самат Мұса марапатталды.
Сонымен қатар, ҚХА алғыс хаттарына Қазақстандағы әзірбайжандар қауымдастығының «Ватан» газетінің бас редакторы Рамиза Мешедигасанлы, «Қазақстан» ТРК «Менің Қазақстаным» бағдарламасының редакторы Аида Пахердир, «Егемен Қазақстан» АҚ журналисі Ләйлә Тілеубаева ие болды.