26.06.2014
Диалог барысында сарапшылар қатаң қарым-қатынас құрбандарына айналған адамдарға әлеуметтік көмек көрсетудің бірінші жобасын таныстырады. Жобаны талқылауға министрліктер мен халықаралық ұйымдар қатысады.
Ұлттық диалогты ұйымдастырушылар - ҚР Президенті жанындағы адам құқығы комиссиясы, Көші-қон бойынша халықаралық миссиясы, «Қазақстанның дағдарыс орталығының кеңесі».
Айта кетерлігі, шара Қазақстан Үкіметінің адам саудасы мен қылмыстардың алдын-алу бойынша 2012-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында ҚР «Арнайы әлеуметтік көмек көрсету» Заңына 2014 жылдың ақпанында енген өзгерістерге байланысты өтіп отыр. Өзгертулер қатаң қарым-қатынастың құрбандарына арналған бөлікке тиесілі.