• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
500-ден астам отбасы «Мерейлі отбасы» байқауына қатысуға өтініш берді – М.Бекбосынова 25.06.2014

«500-ден астам отбасы байқауға қатысуға өтініш берді. Әрбір отбасы өзінше ерекшеліктерге ие, әр отбасының өзіндік артықшылықтары бар. Комиссияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен байқауға өтініш берген отабсыларды таңдау айтарлықтай қиындық тудырды. Өйткені олардың әрқайсысы өз өңірлерінің мерейлі отбасылары», - дейді М.Бекбосынова.

Сонымен қатар, М.Бекбосынова аталмыш конкурстың 1 сәуірден бастап жер-жерде ұйымдастырылғанын айта келіп, байқау жайлы мәліметтерімен бөлісті.

«Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні ретінде аталып өтеді. Биыл алғаш рет осы күнге орайластырылып айтулы мерекелік шаралар дайындалды. «Мерейлі отбасы» байқауы Қазақстанның әрбір өңірінде осы мерекеге орай жарияланды. Бірінші тур елдің аудандары мен қалалары деңгейінде өткізілді. Екінші тур облыстың деңгейде, ал үшінші тур республикалық деңгейде ұйымдастырылады», - дейді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 12 қыркүйекте Астанада жылдың үздік жанұясы  жарияланатын үлкен гала-концерт өтеді. 

Индира Кауметова 


Back to the list