• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елорда күні  шараларының  билеттерінен  түскен қаржы қайырымдылыққа бағытталады 17.06.2014

Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен құрылған «Бәйтерек» қайырымдылық қоры төрт жылдан бері ем-дом қабылдауды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесіп келеді,

Бүгінгі таңда кезекті акцияға қатысуға ата-аналардан 34 өтініш келіп түсті. Ем-дом жүргізуді қажет ететін балалардың ата-аналарынан өтініштер қабылдау жалғасады. Елорда күнін мерекелеу аяқталған соң акция қорытындысы шығарылады.

Аталған шара әр балаға өзінің қиындықтарына немқұрайлы қарамайтын қоғамның қолдауын сезінуге мүмкіндік береді. Ұснылған мәліметтерге сәйкес, қайырымдылық қоры осы күнге дейін жиналған қаржымен 96 балаға жалпы 100 млн теңгеден астам сомаға материалдық көмек көрсетті. Балалардың бәріне Қазақстан, Қытай, Ресей, Израиль, Германия және т.б. мемлекеттердің медициналық мекемелерінде жоғары білікті көмек көрсетілді. 

 


Back to the list