17.06.2014
Жұмыспен қамту қызметіне 4811 азамат жүгінген, соның ішінде 1181-і еңбекпен қамтылса, 993 қоғамдық жұмыстарға қатысады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы елорда тұрғындарын жұмысқа орналастыру мақсатында бос орындар жәрмеңкесін тұрақты өткізеді. Жыл басынан бері қалада осындай 4 шара өткізілді. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жәрмеңке де ұйымдастырылды. Ведомство мәліметтеріне сәйкес, шараға қатысқан 3500 астам адамның 1200-і жұмысқа орналастырылды.