16.06.2014
«Шуақты қала» фестивалінің негізгі міндеті - отбасылық демалысты жандандыру, тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қалыптастыру, өз әсеріңмен бөлісу және жақын адамдарға уақыт бөлу. Отбасылық фестиваль ашық аспан аясында өтеді, деп Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабында хабарлады.
«Шуақты қала» - биылғы жылғы Астана күнін мерекелеу аясындағы ең танымал шара атануына барлық мүмкіншілігі бар заманауи әрі қызықты фестиваль.
Фестиваль міндеті - салауатты өмір салтын дәріптеу, тұрғындар арасында фестивальдік мәдени орта қалыптастыру.
Сонымен бірге, ұйымдастырушылардың түпкі мақсаты - «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңның Астанадағы ең маңызды әрі мәдени орын ретінде берік қалыптасуына қол жеткізу.
«Шеберлер қаласы», «Мен Астанада тұрамын!» шаралары өтеді.