12.06.2014
«Тамақ өнімдері өндірісі процесіндегі кәсіби сауаттылықты арттыру мақсатында ағымдағы жылдың соңына дейін ХАССП жүйесі бойынша оқытатын Орталық-Азиялық оқу орталығы құрылады», - деді сөз басында Н.Ұранхаева.
Орталықтың қызметі бизнес – операторларды ХАССП жүйесін енгізуді үйретуге, оқытудың халықаралық және өзге де стандарттарын пайдалануға, ведомство мамандарының кәсіби біліктілігін артыруға, білімдерін жетілдіруге бағытталатын болады.
Бұдан басқа, Агенттік «Өнімнің қауіпсіздігі туралы бірыңғай мәліметтер базасы» интеграцияланған ақпараттар жүйесін енгізбекші. Ол тауарды алып келу және тасымалдаудың барлық кезеңдерінде оның қауіпсіздігін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Н.Ұранхаев 2014 жылдың 7 маусымынан бастап ҚР Үкіметі Тұтынушылардың құқығын қорғау жүйесін жетілдіру мақсатындағы 2014-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарды мақұлдады.
Камила Амирова