12.06.2014
«Ертеректе жазылған заңдар бүгінгі заман талабына жауап бере алмайды. Сондықтанда біз аталмыш заңға мүгедектердің өмір сүру сапасын арттыру мақсатында өзгертулер мен толықтыруларды қарастырудамыз»,- деді Қазақстанның мүгедектері конфедерациясының президенті Жанат Омарбекова.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда жарымжан жандарды жұмысқа орналастыру мәселесі өз шешімін таппай отыр.
«Егер, орташа және ауыр деңгейдегі кембағал жандар туралы айтатын болсақ, олар мүлдем шетте қалып қояды»,- деп Ж. Омарбекова ағынан жарылды.
Айта кетерлік жайт, презентацияның қорытындысы бойынша сарапшылар тобы өз ұсыныстарын береді. Ал, олар заңжобасы бойынша жұмыстар аясында ескерілетін болады.
Мадина Нұрбекова