11.06.2014
Қоғамдағы адамгершілік деңгейін әсіресе қарт адамдар, мүгедектер, жетім балалар сынды тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарының тұрмысымен бағамдауға болады, деп ұйымдастырушылар хабарлады.
Аталмыш акция мақсаты – қарттар үйі, мүгедектер орталықтарында өмір сүріп жатқан адамдарға жалғыз еместігін, ұмыт қалмағанын, қажет екендіктерін сезінту.
Студенттер ме ұйымдастырушылар қарттардың қоңыр тірлігіне сән беріп, көңілдерін бәр сәт көтеруге тырысты. Осылайша олардың қоғам назарынан тыс қалмағанын сезіндіруге талпынды. Акция соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
«Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме» ММ 311 адам өмір сүруде. Онда үй жайындағыдай өмір сүруге барлық жайлы жағдай жасалып, күтім қарастырылған, уақтылы медициналық қызмет көрсетіліп, мәдени-бұқаралық шаралар өткізіледі.
Астана қаласы Білім басқармасы өкілі Бибігүл Хатпинаның айтуынша: «Қазіргі таңда қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созу мен дамыту мәселелеріне мемлекет үлкен назар аударуда. Өз кезегінде Астана мемлекет қойған талаптарды жоғары деңгейде атқаруға тырысуда »