08.06.2014
«Көрмеге бейнелеу өнері, қолданбалы-сәндік шығармашылық, заманауи дизайн үйірмелері тәрбиеленушілерінің жұмыстары қойылады», - деп хабарлайды Астана күніне дайындық пен мерекені өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы.
200-ден астам балаға мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар үлестіру жоспарланған. Шараның аяқталғанынан кейін барлық еңбек әлеуметтік мекемелерге (балалар үйі, ауруханалар мен қарттар үйі) берілмек.
Шара Оқушылар сарайының галереясында өтеді.