• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Приозерск қаласында өнер және спорт мектебі қайта жаңғыртылды 03.06.2014

Облыстық білім басқармасының басшысы Аймағамбетов А.Қ. және қала әкімі Камзин Қ.А. Приозерск қаласындағы  мектеп ұжымын тағы да  ғимараттың ашылуымен құттықтап, бағалы сыйлықтар тапсырды.

Сонымен қатар, ол қаламыздағы атқарылып жатқан игі істерге оң баға беріп, биыл тағы бір әлеуметтік нысан - жаңа бала бақшаның ашылуының жоспарда барын атап өтті.

Одан кейін сөз алған қала әкімі Камзин Қ.А. жиналғандарды мектептің ашылу салтанатымен құттықтай келе, қаламызды өркендету мақсатында атқарылып жатқан іс-шараларға қысқаша тоқталып өтті.

Осыдан кейін лента қию рәсімі атқарылып, қонақтар мектеп ғимаратын аралап тамашалады, деп Қарағанды облысының әкімдігінде хабарлады.

 


Back to the list