• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мамыр айында күнкөрістің  ең төменгі деңгейі  18 800 теңгені құрады 02.06.2014

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,8%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,1%, жемістер мен көкөністерді - 12,5%, нан және жарма өнімдерін - 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,1%-ды құрады, деп статистика агенттігінде хабарлады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады.

 

 


Back to the list