• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мерекелік шараға 3 млн бала қатысады – БҒМ 31.05.2014

Астана қаласында 1-2 маусым күндері 150  жетім бала мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған  «Таң Шолпан» республикалық шығармашылық конкурсы,  «Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар фестивалі өтеді, деп білім және ғылым министрлігінде хабарлады.

Астана, Алматы, Атырау, Өскемен, Тараз, Қарағанды, Павлодар қалаларында балалардың қоғамдық көлікпен тегін жүруі қамтамасыз етіледі.

Қостанай облысында «Туған күніңмен, балақай» мерекелік іс-шарасы аясында 1 маусым күні туған барлық балаларға сыйлықтар табыс етіледі.

 Көп балалы, аз қамтылған отбасы балалары, жетім балалар үшін республиканың түкпір-түкпірінде қайырымдылық акциялары (Кинотеатрға тегін билет, көңіл көтеру орталықтарын аралау, ескерткіш сыйлықтар) ұйымдастырылады.

1 маусым меркесі балаларымыздың есінде қалатындай игілікті шара болады деген сенімдеміз.  

 


Back to the list