• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Статагенттігі: Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша алда келеді 20.05.2014

Туылған ер балалардың саны 199 880 адамды (51,6%) қыз балалар - 187 347 адамды (48,4%), туылған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 106,7 ер баланы құрады, деп ҚР Статистика агенттігінде хабарлады.

2003 жылмен салыстырғанда туылғандар саны 56,2%-ға (ер балалар - 56,6%-ға, қыз балалар - 55,7%-ға), қалалық мекендерде - 50,7%-ға, ауылдық - 63,1% артты.

2013 жылы 1 000 тұрғынға шаққандағы туылғандардың жалпы коэффициенті 22,73 құрады және 2003 жылмен салыстырғанда 6,1 промиллеге артты (2003ж. - 16,63). Қалалық мекендерде осы көрсеткіш 22,36 (2003ж. - 16,34), ауылдық мекендерде - 23,19 (2003ж. - 17,02) құрады.

Елдің өңірлері бойынша ең жоғары ТЖК Оңтүстік Қазақстан - 3,63, Маңғыстау - 3,63, Қызылорда - 3,43, Жамбыл -3,41 және Атырау - 3,39 облыстарында, ал төмені Алматы қ. - 1,71 мен Қостанай - 1,77 -  облыстарында байқалды.

Қазақстанның бірнеше өңірлерінде бала туғандағы әйелдің орта жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Мысалы, осы көрсеткіш Алматы қаласында 28,9 жасты, Астана қаласында 28,4, Қызылорда облысында 27,9, Шығыс Қазақстан облысында 27,8 жасты құрады.  


Back to the list