18.04.2014
Жұмысшылардың демалысына қолайлы жағдайлар туғызу үшін және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күндері 2014 жылғы жексенбі 4 мамырдан жұма 2 мамырға, ал сондай-ақ 2014 жылғы жексенбі 11 мамырдан бейсенбі 8 мамырға ауыстырылды, деп ҚР Премьер-Министрінің ресми порталы хабарлады.
ҚР Қаулысына сәйкес еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтылған ұйымдарға, қажетті өнімдер шығару, қаржылық саланы қосқанда қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін кәсіподақ ұйымдарымен келісе отырып 2014 жылғы 2 және 8 мамыр күндері жұмыс істеуге құқық беріледі.