• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР-да әскери парадқа дайындық жүруде 17.04.2014

Бұл шара ағымдағы жылғы 7 мамырда Отан қорғаушылар күні өтетін әскери парадқа дайындық шеңберінде жүргізілді. Қазақстандық әскери ұшқыштар парадта әскери техниканың жауынгерлік мүмкіндігін паш етіп, әуе ұрысының жаңа элементтері мен жоғары пилотажды көрсетеді, деп ведомствода хабарлады.

Әскери парадта жоғары білікті ұшқыштар: полковниктер Қайрат Баймаханов, Нұрболат Топаев, Александр Соснин, Нұрлан Байдуллаев, Талғат Сыздықов, Рүстем Тілеумағамбетов, подполковниктер Ерлан Науанов, Александр Петручик, Тимур Омаров, Теміртас Ибраев Әуе қорғанысы күштерінің ұшу жетістігін көрсететін болады.

Ұшқыштардың дайындығына ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов басшылық жасауда.


Back to the list