15.04.2014
Акция 1 сәуір күні басталды, ол 1 маусымға дейін созылады. Жиналған қаржы мүмкіндігі шектеулі балалардың емделуіне жұмсалады, деп партияның ресми порталында хабарлады. Осы сынды шаралар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ, өткен жылы 35 мың тонна ескі қағаз жиналған болатын,ақшалай ол 360 мың теңгені құрады.
«Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұса Танақұловтың айтуынша, акцияға қаланың оқу орындары, мемлекеттік мекемелер мен бизнес өкілдері және кәсіпкерліктер мен банк қызметкерлері қатысуда.
«Біз қала мен облыс тұрғындары бұл шараға белсене қатысады деген үміттеміз. Аудандар да қатысуға ниет білдіргендеріне ризамыз», - деді М. Танақұлов.