• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған Әскери парад өтеді 09.04.2014

Парадқа Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Республикалық  ұланның парадтық есептоптары, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрліктерінің әскери техникалары мен авиациясы тартылады, деп ҚМ хабарлады.

Әскери парадтың салтанатты маршының жаяу легіне 2 мыңға жуық әскери қызметші, оның ішінде ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамынан 1500 адам қатысады.

Механикаландырылған колоннадағы әскери техника саны 250 бірлікті және жеке құрамда 566 адамды құрайды (механик-жүргізушілер, экипаждар, десанттар).

Сондай-ақ парадқа 56-ға жуық ұшу аппараттары қатыстырылады. 

 

.   


Back to the list