08.04.2014
Азаматтық борышын орындап, Көкпекті тұрғындарына көмек көрсетуге 800 адам ынта білдірді. Министрлік аппаратын қоса, «ГФСС» АҚ, «ИАЦ» АҚ, «РПОЦ» АҚ, «ГАК» АҚ, «ГЦВП», РГКП «РНИИОТ», «КПК» МК қызметкерлері өз жалақыларын жіберді. Қорға енген жалпы сома 3,5 млн теңгені құрады, деп ЕХӘҚМ хабарлады.
Қордың барлық қаражаты дамбының тасуынан зардап шеккен адамдарға бағытталады. Яғни, азық-түлік пен бірінші қажеттегі заттарға жұмсалмақ.