• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Маңғыстау облысында ЖАО  мемлекеттік қызметтің 190 түрін көрсетті 27.06.2017

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, осы жылдың 5 айында облыс әкімдігімен барлығы – 534 142 қызмет түрлері (24-і мерзімін өткізіп алған),  соның ішінде мемлекеттік органдармен қағаз түрінде – 493 583, мемлекеттік корпорация арқылы  - 32 882, электронды түрде  - 7 677 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілген. Облыстық басқармалармен – 317 456, мерзімін өткізіп – 14 қызмет көрсетілген.

 Сонымен қатар, ҚР заңдылықтарын сақтамаған фактілерді жою мақсатында Агенство төрағасының бұйрығына сәйкес  лауазымды тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шаралар алынған (20 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылып және 4 шағым бойынша 317 660 теңге мөлшерінде  1 әкімшілік айыппұл салынған).

 2016 жылы облыстық басқармалармен белгіленген мерзімді бұзушылық фактісімен көрсетілген қызмет саны -82, яғни, ауыл шаруашылық басқармасы – 78, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу – 3 және  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы -1. 

Қалалар мен аудандық әкімдіктерінің арасында белгіленген мерзімін сақтамай көрсетілген қызметтің саны бойынша Мұнайлы ауданы – 104, Түпқараған ауданы – 100 және Ақтау қаласының әкімдіктері-80 болып көш бастап тұр.

«Респонденттерді сұрау барысында, 2016 жылы әкімдіктің көрсететін қызметі бойынша қанағаттандырылғандардың  орташа көрсеткіші 4,89 балл болса, ал көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасымен қанағаттандырылғандардың деңгейі 89,3 пайызды құрады», - делінген  хабарламада.

  Жиын қорытындысы бойынша аймақ басшысы Ералы Тоғжанов табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу мен  көрсетілетін мемлекеттік қызмет мәселесін басты  назарда ұстауды, сәйкесінше оның сапасын арттыруды тапсырды.

 

 

 

 

 

 


Back to the list