• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Меморгандар ескі үлгідегі елтаңбаны алмастыру фактісі бойынша тексеріледі 19.06.2017

Қазақстанның жаңа стандарттар бойынша жасалған Мемлекеттік Елтаңбасы ағымдағы жылдың 1шілдесіне дейін ауыстырылуы тиіс.  Мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманың орындалуы және пайдалануы бойынша тексеріс ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында басталады.

«Бүгінде ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті инспекциялық комиссиямен бірлесіп Мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманың орындалуы және пайдалануы бойынша тексеріс жоспарлады. Тексеріс үшінші тоқсанда жүргізіледі. Ал, қорытындысы ағымдағы жылдың қараша айында қаралады», - деп хабарлады ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз хатшысы Еркем Мұхтарқызы.

Естеріңізге сала кетейік, басты мемлекеттік рәміздердің бірі бірнеше үлкен өгерістерді бастан кешірді.

Стандарттар қағидасын өзгерту қажеттілігі заңды және жеке тұлғалардың және мемлекеттік органдардың бүгінде сатылып жатқан елтаңбаның сапасына қатысты көбейіп кеткен шағымдарынан туындады. 


Back to the list