02.06.2017

Елорданың сол жағалауында: Қажымұқан – Тәуелсіздік – Сарайшық - Қошқарбаев – Достық – Қабанбай батыр – Сарайшық – Шалқыма – Ташенов бағдары бойынша 25 спорттық автомобиль жүріп өтіп, "Қазақ Елі" монументінің алдына тоқтады. «Студенттер» саябағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған концерт өтті.


«4 маусым еліміздің тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалады», - дейді ұйымдастырушылар.


Бұл күн әскери қызметшілерді, студенттерді, депутаттарды біріктірген аса маңызды күн болып саналады.

«Патриотизм сезімі әрқайсымызда бар. Мемлекеттік рәміздеріміздің биіктен: әйгілі жерлерде, спорттық тұғырларда, саяси жетістіктер арасынан көрінуін барлығымыз қалаймыз», - деп атап өтті сөз сөйлегендер.

Қала жастары мен азаматтары осы мерекені ұмытпауы үшін іс-шара патриоттық маңызға ие. Мемлекеттік рәміздер - ұлтымыздың, еліміздің бейнесі.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының оркестрі және қазақстандық эстрада жұлдыздары Алмас Кішкенбаев, Ринат Малцагов және ағайынды Жүгінісовтер өнер көрсетті.
Гүлтай Хасенова
Фото Арман Мұхатов