11.05.2017
Астана аймақтық хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов атап өткендей, меморгандар бәсеке сыңайлы ортада жұмыс істеуді бастауда және осы ретте сандық коммуникацияның құралдарын пайдалану тиімді болып отыр.
«Заманауи технологиялардың дамуы мемлекеттік органдардың жұмысы монополияға жақын болғанымен бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істеуге мәжбүр екенін көрсетеді. Себебі бүгінде кез келген елдің азаматы өзінің әкімдігі мен мемлекетің қабылдап жатқан шешімдерін өзге мемлекеттің әрекеттерімен салыстыра алады. Осы ретте баспасөз қызметтерінің ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануының маңызы арта түседі», - деді ол.
Ә. Байменов атап өткендей, баспасөз қызметінің мамандары заманауи әдіс пен технологияны жеңіл игеруі өте маңызды.
«Бұл өз кезегінде азаматтардың мемлекеттік органға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтанда хаб шетелдік мамандарды осы саладағы тәжірибелерімен бөлісуі үшін шақыртты, олар мемлекеттік органдардағы коммуникацияның заманауи даму трендттері жайлы кеңінен айтып беретін болады», - деді спикер.
Ақбота Күзекбай