• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан және БАӘ мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 03.05.2017

Академия ректоры Фатима Жақыпова және Дипломатия институтының директоры Әнуар Аязбеков бірқатар кездесулер өткізіп, ҚР мен БАӘ арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 25 жылдығына арналған іс-шараларға барып қайтты.

Атап айтқанда, Академияның ақпараты бойынша, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты мен БАӘ Дипломатиялық академиясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Бұдан бөлек, 2016 жылғы мамырда қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумға серпін беру үшін Мохаммед Бин Рашид атындағы мемлекеттік басқару мектебінің басшылығымен кездесу өтті.

«ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Мохаммед Бин Рашид атындағы мемлекеттік басқару мектебі арасында қол қойылған меморандум екі мекеме арасында мемлекеттік қызмет, мемлекеттік саясат және халықаралық қатынастар саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін негіз болады», - деп атап өтті ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова.

Кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастық жасау жоспарын талқылады, оның аясында "Smart-қалалар және жоғары тиімді халықаралық қаржы орталықтарын құру» тақырыбына лекциялар оқу үшін Академияға Мектеп сарапшыларын тарту мәселелерін қарастыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, Академия делегациясы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 25 жылдығына арналған Дөңгелек үстел жұмысына және ҚР Президенті Н. Назарбаевтың араб тіліндегі Жолдауымен таныстыру рәсіміне қатысты.


Back to the list